Әбен Берік Әбдікамалұлы

    Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

    Әбен Берік Әбдікамалұлы
    Заместитель акима

    Әбен Берік Әбдікамалұлы

    Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Туған жері және уақыты: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, 1989 жыл, 18 сәуір

    2012 жылы Сәтбаев қаласы жастар бастамалары орталығында директор қызметін атқарды.
    2012 – 2015 жылдары ҚР Парламентінде депутат көмекшісі болып қызмет етті.
    2015 – 2016 жылдары Сәтбаев қалалық кәсіпкерлер палатасының филиалының директоры қызметін атқарды.
    2016 – 2017 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
    2017-2019 жылдар аралығында Жезқазған кенті әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысынан, Жезқазған кентінің әкіміне дейін көтерілді.
    2019 – 2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде қызметті қамтамасыз ету және ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
    2022 жылы Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып, 2023 жылы Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметінде болды.

    2024 жыл 29 сәуірде конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Жезқазған қаласы әкімінің өкіміммен Жезқазған қаласы әкімінің энергетика, құрылыс, сәулет, көлік, жол, коммуналдық шаруашылық және Төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

    2024 жылдың 22 қарашасында Жезқазған қаласы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері