
Сейдахметов Марғұлан Берікбекұлы
Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Сейдахметов Марғұлан Берікбекұлы 1984 жылғы 10 қарашада Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2006 жылы О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін, 2012 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын, 2013 жылы Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған. Мамандығы – пайдалы қазбалар кен орындарын жерастында игеру, экономика және құқықтану.
Еңбек жолын 2007–2008 жылдары Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының Жезқазған филиалында маман, Ұлытау филиалында басқарушы қызметтерінен бастаған.
2009-2021 жылдары «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерінде болды.
2021–2026 жылдары бөлім басшысы лауазымында жұмыс істеген.
Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі – 18 жыл.


