
Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы
Жезқазған қаласының әкімі
Өмірбаян
Туған күні: 23.05.1991 ж.
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін металлургия бакалавры мамандығы бойынша бітірген;
2014 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша;
2021 жылы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қ. "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "Қарағандыцветмет" ӨБ "бас корпусы" үшінші разрядты флотаторы болып бастады.
10.2011 - 11.2012 ж.ж. Қарағанды қаласы "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "бас корпусы" бақылау цехының "Қарағандыцветмет" ӨБ ауысым шебері қызметін атқарды.
11.2012 - 10.2013 ж.ж. "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасының "бас корпусы" цехының бастығы, Қарағанды қ.
10.2013 - 06.2014 ж.ж. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Шығыстүстімет" ӨБ Орлов кеніші ҚҚ бас инженері, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы.
06.2014 - 01.2015 ж.ж. "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС Жезқазған байыту фабрикаларының №1,2,3 ЖЦМ ӨБ №2 "бас корпусы" цехының бастығы, Жезқазған қаласы.
01.2015 - 02.2017 ж.ж. Теміртау қ., "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "КЦМ" бойынша Нұрқазған байыту фабрикасының директоры.
02.2017 - 07.2024 ж.ж. Жезқазған қаласы, "Жезқазғанцветмет" ӨБ №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры.
Ұлытау облысы әкімінің 2024 жылғы 05 шілдедегі өкімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.
2026 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттарымен келісу бойынша, облыс әкімінің өкімі негізінде Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.



