
Өмірбаян
Мырзалы Толқын Мырзалықызы 1981 жылы 19 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 16 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте 16 жылдан астам мерзімді құрайды. Заң қызметі және аудиторлық саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2007 жылы – Алматы қаласы Әуезов ауданы Салық комитетінде инспектор болып қызмет атқарған.
- 2007-2008 жылдары "MB-Corporation" ЖШС заңгер.
- 2008–2011 жылдары – ҚР АШМ Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы-заңгері.
- 2011–2012 жылдары – Алматы қаласы Сот актілерін орындау департаментінде әкімшілік бөлімінің жетекші маманы және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2012–2014 жылдары – ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
- 2014–2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімінің құқықтық мәселелер бойынша бас маманы, бас инспекторы, құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бас инспекторы, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2019–2020 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы.
- 2020–2022 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы.
- 2022–2023 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сапаны бақылау бөлімінің бас инспекторы, басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
Мәслихаттың шешімі бойынша 2023 жылғы 10 шілдеден бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

