Жолдасбеков Жорабек Сазанбекұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Жолдасбеков Жорабек Сазанбекұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Жолдасбеков Жорабек Сазанбекұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында туған

    Білімі:

    1998 жыл - Түлкібас агробизнес және туризм колледжі

    2010 жыл - Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    2019 жыл - Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

    Еңбек жолын 2000 жылы Төлеби аудандық ветеринариялық инспекциясында есепші қызметінен бастады.

    2000–2005 жылдары Төлеби аудандық «Мал дәрігері» мемлекеттік мекемесінде бас есепші және бас бухгалтер қызметтерін атқарды.

    2005–2012 жылдары Төлеби аудандық қаржы, кірістер және талдау, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ ішкі саясат бөлімдерінде жетекші маман, маман, бас маман және сектор басшысы қызметтерін атқарды.

    2012–2017 жылдары Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

    2017–2019 жылдары Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бөлім басшысының орынбасары, кейін Қасқасу ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болды.

    2019–2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, кейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық статистика басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2023–2025 жылдары Төлеби ауданы әкімі аппаратының аппарат басшысы болды.

    2025 жылдың 3 наурызынан бастап Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері