Абдулла Нұржігіт Әріпханұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Абдулла Нұржігіт Әріпханұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Абдулла Нұржігіт Әріпханұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1994 жылы 15 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген.

    2018 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті(ЕҰУ)

    2022 жылы - М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

    2024 жылы - Шымкент университеті

    Еңбек жолын 2019 жылы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында есеп технигі қызметінен бастады.

    2019–2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде Астана, Шымкент және Атырау қалаларында жетекші маман, бас маман және бөлім басшысы лауазымдарын атқарып, мемлекеттік кірістерді әкімшілендіру, аудит және салықтық бақылау бағыттарында қызмет етті.

    2023–2024 жылдары Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында бюджеттік мониторинг бағытында бас маман қызметін атқарды.

    2024 жылы Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы болды.

    2024–2025 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Аудит басқармасының №1 аудит бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2025 жылы Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің бас маманы, кейін Бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру және экономикалық талдау бөлімінің басшысы болды.

    2026 жылдың 22 шілдесінен бастап Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері