Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы туралы

    «Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысы аумағында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕР!

    Сіздерді асыл тұқымды мал басын көбейтуге арналған несие бағдарламалары бойынша өтетін ақпараттық-түсіндіру жиналысына шақырамыз! Кездесуде «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламаларының: Негізгі шарттары мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері; Қатысу тәртібі мен құжаттарды тапсыру жолдары; Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану мүмкіндіктері толық түсіндіріледі. Бұл жиналыс — жай ғана ресми кездесу емес, өз шаруашылығыңызға қажетті нақты мәліметтерді алып, мемлекет ұсынған жеңілдетілген несиеге қол жеткізудің тура жолын анықтайтын бірегей алаң. Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Достық үйінің» мәжіліс залы Өтетін күні: 06 тамыз Уақыты: сағат 15:00

    4 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Құрметті қала тұрғындары!

    17 шілде күні сағат 09:00-де өтетін жәрмеңкеге келіп, сапалы азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алыңыздар. Жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Жәрмеңке тауарлары нарықтағы бағадан 20-30 пайыз қолжетімді арзандатылған бағада ұсынылады. Түркістан қаласы, Отырар м/ а, А.Байтұрсынов мектебі автотұрағы Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 15:30-да Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз. Байланыс: 8 (72533)5-91-15 Эл.почта: [email protected]

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

    Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді 13 ақпан күні сағат 09:00-де Түркістан қаласында өтетін жәрмеңкеге шақырамыз! Өтетін орны: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, «Достық үйі» автотұрағы. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен бағамен ұсынылады. Баршаңызды жәрмеңкеге келіп, сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз!

    13 ақпан 2026 ж.Тікелей
    г. Туркестан, микрорайон Жаңа қала, автостоянка «Дома дружбы».
    Қорытынды

    Түркістан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жыл ІI-тоқсанға инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілуі туралы есеп

    Жарияланды:
    Басқа

    "Тұран су" ШЖҚ МКК-ның 2026 жылғы II тоқсан бойынша бос және қолжетімді қуаттардың мәліметі, орналасу схемасы және инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат

    Жарияланды: