
Плалов Әлібек Әбдіхалықұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1991 жылы туған. 2013 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2019 жылы — Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында оператор қызметінен бастаған.
2014–2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының механикаландыру бөлімінде жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман және бас маман лауазымдарында қызмет атқарған.
2016–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының кооперацияны дамыту бөлімінде, кейіннен өсімдік шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.
2018–2019 жылдары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2019 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы наурызға дейін аталған бөлімге басшылық еткен.
2020 жылғы наурыздан 2023 жылғы маусымға дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2023 жылғы маусымнан 2026 жылғы маусымға дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.


