Рахимова Әсел Рахметуллақызы

    Жетекші маман

    Рахимова Әсел Рахметуллақызы
    Ведущий специалист

    Рахимова Әсел Рахметуллақызы

    Жетекші маман

    Өмірбаян

    1.Жалпы ережелер

    1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

    1.2.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін,осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

    1.3. Іс жүргізу жөніндегі бас маман А.Садвакасов болмаған жағдайда оны ауыстырады.

    2.Құқығы

    Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

    2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

    2.2. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;

    3.Міндеті

    Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс;

    3.1.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

    3.2.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» туралы Заңға сәйкес мемлекеттік мекемелермен жұмыс ұйымдастыру;

    3.3.Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

    3.4. Округтің көрнекі құралдарынң орналасуын ұйымдастырады;.

    3.5. Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді;

    3.6. Мемлекеттік қызмет көрсету есебін жүргізеді; (гос.услуга)

    3.7. Жалғыз басты қарттар мен 1,2,3 топтағы мүгедектермен мүгедек балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қадағалап бақылауын ұйымдастырады;

    3.8 Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді.Аз қамтамасыз етілген отбасылар, және жалғызбасты жеке тұрғындардың есебін дайындалуына жауап береді;

    3.9. Ауыл аймағына көшіп келеген қандастардың отбасыларын тіркеуге алып олардың көшіп келгені туралы мәліметті уақытында тапсыруды қамтамасыз етеді және әлеуметтік төлқұжаттарын әзірлейді;

    3.10. Ақпараттық насихат тобының жұмысын жүргізу жайында жоспарлар, ақпараттар және тағы басқа құжаттарды жүргізеді;

    3.11. Әкім аппараты жанындағы ардагерлер кеңесі және ақпараттық насихат тобының жұмыстарын жүргізу;

    3.12.Округтің әлеуметтік мәдени шараларды өткізу,білім,денсаулық сақтау,мәдениет,әлеуметтік сала, дене тәрбиесі мен спорт,ақпарат және қоғамдық келісім жөніндегі мемлекеттік саясатты үйлестіріп ұйымдастырады;

    3.13. Округ әкімі аппаратының жиындарының хаттамаларын рәсімдеу,өткізілген жиындардың хаттамаларын тиісті мекемелерге ұсыну;

    3.14. Ауыл округінің әлеметтік-экономикалық паспортын және мониторингке қажетті мәліметтер жинақтап әзірлейді;

    3.15. Діни бірлестіктіктердің қызметін үйлестіреді. Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне дәстүрлі діни бірлестіктердің дінаралық, ұлтаралық қатынастарға ықпалы, тұрғындардың діни сауаты, дәстүрлі емес діни ұйымдарды, діни экстремизм, терроризмге жол бермеу жұмыстарын қадағалайды;

    3.16.«E-gov» бағдарламасына жауапты;

    3.17.Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді;

    3.18. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасызетеді.

    4.Жауаптылығы

    4.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген,мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері