
Өмірбаян
1.Жалпы ережелер.
1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
1.2.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін,осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.3.Жетекші маманыД.Құрманғали болмаған жағдайда оны ауыстырады.
2.Құқығы
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:
2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;
2.2. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;
3.Міндеті
3.1.Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс;
3.2.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
3.3.Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін, жоғары мекемелерден түскен құжаттардың, округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
3.4.Округ әкімінің техникалық қызметкерлерінің өкімдерін, жеке істерін ,табельдерін, еңбек кітапшаларын және еңбек кітапшаларының қозғалысын есепке алуды қамтамасыз етеді;
3.5. «Е-қызмет» программасын жұмысын ұйымдастырады. Округ бойынша мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін, іс-сапарлар, еңбек демалыстары және т.б. өкімдерінің уақытылы, сапалы онлайн режимінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне енгізуің қамтамасыз етеді;
3.6. Округтегі сайлау жұмыстарын ұйымдастырады. Сайлаушылардың«АИС» базасына уақытылы өзгерістер енгізуге;
3.7. Округ әкімінің тұрғындар алдында есепті кездесулерде айтылған ұсыныстарының орындалуын қамтамасыз етеді және ауыл тұрғындар алдында есепті кездесулерде айтылған ұсыныстардың, кемшіліктерін анықтау мақсатында уақытылы, сапалы хаттамаларды толтыруын қамтамасыз етеді;
3.8. Электрондық құжат айналымы бойынша электронды түрдегі кіріс хаттардың тіркелуін, оның алғашқы адресатқа жеткізілуін, бақылауға қойып, бақылаудан алуын және электронды шығыс хаттарды сұраныс білдірушіге жіберірілуін қамтамасыз етеді;
3.9. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және олардың заң талаптарына сай есебін жүргізу; (Айқын бағдарламасына )
3.10. Құқық қорғау органдарымен үнемі байланыс жасап отыру;
3.11. Нормативтік құқықтық актілерді әділет басқармасында тіркеуді ұйымдастырады, орындалуы есебі туралы ақпаратты тиісті мекемелерге береді;
3.12. Алқа билер жұмысын ұйымдастырады. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін жасап, құжаттарын жүргізеді;
3.13. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне жауапты. «Е - өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға қалыптастыруға және сапалы жауап береді;
3.14. «Е - лицензирование» порталында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін базаға енгізілуін қамтамасыз етеді:
3.15. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасының орындалуы бойынша құжаттарын жүргізеді;
3.16.Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының жұмысын орындайды;
3.17. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді;
3.18. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
4.Жауаптылығы.
4.1.Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңында белгіленген,мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

