Жұман Айбота

    Іс қағаздар жүргізу жөніндегі бас маман

    Жұман Айбота
    Бас маман

    Жұман Айбота

    Іс қағаздар жүргізу жөніндегі бас маман

    Өмірбаян

    1.Жалпы ережелер

    1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.

    1.2.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, аппарат басшысының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін,осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

    1.3. Округ әкімінің орынбасары Е.Енсебаев болмаған жағдайда оны ауыстырады.

    2.Құқығы

    Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

    2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

    2.2. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге;

    3.Міндеті

    Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс;

    3.1.Мұрағатқа өткізілетін іс қағаздардың уақытылы жинақталуы мен сақталуына,сақталу мерзіміне сәйкес мемлекеттік мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды уақытылы өткізуге және аппараттың номенклатуралық істерінің тізбесін жасауға;

    3.2.Округте тұратын көп балалы аналарды «Алтын алқаға», «Күміс алқаға» марапаттауға ұсыну үшін құжаттарын әзірлеуге жауапты;

    3.3.Іс қағаздар номенклатурасын рәсімдеу және қағаздардың бекітілген талаптарға сай және мемлекеттік тілде жүргізілуін ұйымдастыруға;

    3.4. Ауыл округінің мекендерде жұмыс жасайтын және тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына әлеуметтік көмекті тағайындауға құжаттарын қабылдап және өткізуге;

    3.5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын Е-халық бағдарламасына енгізу және оларды аудандық жұмыспен қамту бөліміне тапсыруға;

    3.6. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын қамтамасыз етуге;

    3.7.Округ бойынша азаматтардың мәртебесін өзектендіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

    3.8. ҚР Мемлекеттік елтаңба бейнеленген баспа – бланкалік өнімдерінің пайдаланылғанын, бүлінгенін және пайдаланылмаған даналарын уақытында жоюына жауап береді;

    3.9.Округтің шаруашылық кітаптарын жүргізу, кітаптарға енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығына, шаруашылық кітаптарының сақталуына және адам саны, мал басы саны жөніндегі деректерге сәйкес есептер жасап, жоғары тұрған органдарға мәліметтер беруге міндетті;

    3.10. Қоғамдық саяси ахуал бойынша ақпарат береді;

    3.11. Жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту жөніндегі құжаттарды әзірлейді;

    3.12.Медияция арқылы екі тарап арасындағы дау дамайдыөз ара шешу;

    3.13. Қоғамдық кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді;

    3.14. Әкім аппаратыныңкіріс-шығыс құжаттарын тіркейді;

    3.15. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасызетеді;

    3.16. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.

    4.Жауаптылығы.

    4.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген,мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері