Бигазинова Ботагөз Рысбекқызы

    Салық жөніндегі бас маман

    Бигазинова Ботагөз Рысбекқызы
    Главный специалист

    Бигазинова Ботагөз Рысбекқызы

    Салық жөніндегі бас маман

    Өмірбаян

    1.Жалпы ережелер.

    1.1.Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес аудандағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

    1.2.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін,осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

    1.3. Есепші бас маман А.Байдилдаеваболмаған жағдайда оны ауыстырады.

    2.Құқығы

    Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

    2.1. Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

    2.2. Осы қызметтік нұсқаулықта анықталған міндеттемелердің жетілдіруіне ұсыныстар енгізуге

    3.Міндеті

    Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс;

    3.1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі –Кодекс) талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

    3.2. Салық төлеушілерге салық заңдылығының ережелерін түсіндіруге, оларды салық салу жөніндегі заңдардағы және нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

    3.3.Округ аумағындағы салық төлеушілерге салық жөніндегі нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтыруларға қадағалау жүргізу;

    3.4.Округ көлемінде жер, көлік және бір рет жиналатын салық түрлерін уақытылы жинау,бюджетке өткізу, меншік нысанына қарамастан жеке шаруа қожалықтарының салықтарын уақытылы төленуіне бақылау жасауға міндетті. мүлік салық түсімдерін толық орындалуын және салық түсімдерінің ауданға толық түсуін бақылау;

    3.5.Округтің тұрғындарының салық көлемін үй,жер көлеміне сәйкес белгілеп,жалпы жұмысын округтің салық базасын нығайту бағытында атқарады;

    3.6. Жеке тұлғалардан мүлік, жер және табыс салығы, сыртқы /көрнекі/ жарнамалардан түсетің түсім, жеке және заңды тұлғалардың . көлік құралдары алымдары мен салығының /жұмыстар мен қызметтер/ өткізу алымдарының толық әрі мерзімінде түсуін қамтамасыз етеді;

    3.7. Жоғарыда аталған салықтар бойынша жетімсіздіктерді жою жөнінде жұмыс жүргізеді;

    3.8.Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрға органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс еңгізеді, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын даярлайды және оларды аудандық жұмыспен қамту бөліміне тапсырады;

    3.9.Нұр Отан бастауышпартиясыныңжұмыстарынұйымдастыруға;

    3.10. Жұмыспенқамту 2020 жолкартасыжәне бизнес жолкартасыбағдарламасыныңжұмыстарынұйымдастыруғажәнежаңаданашылғанжұмысорындарыныңақпаратынберуге жауапты;

    3.11.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қызмет көрсету саласында, талдау анықтамаларыныңқұжаттарынәзірлеугежауапты;

    3.12.Округте орналасқан нысандар және кәсіпкерлердің азық-түлік бағаларын қадағалау олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

    3.13. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша: несие беру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары, жұмыссыз азаматтары мен еңбек индикаторлары туралы ақпараттарды тоқсан сайын тапсырады және бағдарлама аясындағы барлықжұмыстардыатқарыпүйлестіреді;

    3.14. Әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастырады. Әйелдер істері отбасылық демографиялық саясат жөніндегі құжаттарды уақытылы, сапалыөткізуіңқамтамасызетеді;

    3.15.Техникалыққауіпсіздіктісақтаудықамтамасызетеді;

    3.16.Ақпараттыққауіпсіздіктіңсақталуынқамтамасызетеді.

    4.Жауаптылығы

    4.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген,мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері