Майдина Нұргүл Бердібекқызы

    Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры

    Майдина Нұргүл Бердібекқызы
    Директор

    Майдина Нұргүл Бердібекқызы

    Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Майдина Нұргүл Бердібекқызы 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын үздік бітіріп, аталған академияның әскери кафедрасынан өтті, арнайы әскери атақ берілді. 2015 жылы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2025 жылы «Адам ресурстарын басқару» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірді.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаментінде мемлекеттік қызметте бастады.

    2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

    2016 - 2023 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, іссапар институты, қызметтің тиімділігін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу мәселелеріне жетекшілік етті. 2019 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыруға, сондай-ақ осы жобаны жетілдіруге тікелей белсенді қатысты.

    2023 - 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында жұмыс істеді.

    2024 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің персоналды дамыту және басқару қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    2024 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері