Төлепов Мейіржан Шерманұлы

    Институционалдық даму департаментінің директоры

    Төлепов Мейіржан Шерманұлы
    Директор

    Төлепов Мейіржан Шерманұлы

    Институционалдық даму департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Мейіржан Төлепов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша және сол университетті «Құқықтану» мамандығымен бітірген. 2014 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен тәмамдады.

    Еңбек жолын 2003 жылы жеке секторда бастады.

    2007 жылғы тамыз – 2008 жылғы қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды.

    2009 жылғы қаңтар – 2015 жылғы қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында, сондай-ақ кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

    2015 жылғы наурыз – 2017 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментінде, сондай-ақ мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2017 жылғы маусым – 2018 жылғы тамыз аралығында Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары болды.

    2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы қазан аралығында Қостанай облысы әділет департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2019 жылғы қазан – 2021 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры лауазымын атқарды.

    2021 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің институционалдық даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері