Ерекешева Айгүл Ерікқызы

    Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры

    Ерекешева Айгүл Ерікқызы
    Директор

    Ерекешева Айгүл Ерікқызы

    Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Ерекешева Айгүл Ерікқызы 1974 жылдың 10 қаңтар күні Торғай облысының Қима ауданы, Жаңа Қима ауылында туған.

    1996 жылы Ақмола ауылшаруашылығы институтын бітіріп, экономист- бухгалтер мамандығын алған.

    Өз еңбек жолын 18.09.1996 жылы «Жекешелендіру Бюросында» жетекші маман ретінде бастаған. 01.04.1997 жылы Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола облыстық аумақтық комитетінің мүлікті инвентаризация Орталығында маман болып істеген.

    04.01.1999 жылы Ақмола қаласының «Мүлікті сату және бағалау Агенттігі» ЖШС бас бухгалтер болып істеген.

    1999 жылдың 8 жетоқсанынан бастап мемлекеттік қызметке өтіп, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі әлеуметтік- экономикалық талдау департаментінің салық-бюджеттік саясат бөлімінің бас маманы болып істеген.

    Агенттіктің қайта құрылымдауы негізінде 01.10.2002 жылы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бойынша Департаменттің қаржылық ұйымдастырушылық басқармасының қаржы және бухесеп бөлімінің бастығы қызметіне ауысқан.

    01.04.2010 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі ішкі әкімшілік департаменті, Қаржылық басқармасының бастығы болып тағайындалған.

    01.03.2013 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.

    07.10.2020 жылы ҚР Президентінің 2020 жылы 5 қазандағы Жарлығымен құрылған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігіндегі Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік департаменті директоры болып тағайындалды.

    01.04.2022 жылы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері