
Нұртазиев Миржан Жанғазыұлы
Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1987 жылы 3 наурыз күні дүниеге келген, туған жері – Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы, білімі – жоғары.
2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
29.01.2009-25.10.2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының бас маманы.
25.10.2013-04.04.2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі.
04.04.2016-04.01.2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары.
04.01.2017-28.05.2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары.
29.05.2018-19.12.2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
20.12.2019-05.05.2020 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
06.05.2020-20.05.2020 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы.
21.05.2020-31.10.2021жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
02.11.2021-22.08.2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
23.08.2022-28.12.2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
15.06.2023-04.07.2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы.
05.07.2023-05.02.2024 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
2024 жылдың 7 ақпан күні аудан әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



