Шыңғырлау ауданының әкімдігі
Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы - 7,2 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 13 916 адамды құрайды.
Ауданның орталығы - Шыңғырлау селосы. Ауданда екі шекара өткізу бекеті орналасқан. Ауданның бір аумағы Ресей Федерациясымен шекараласқан. Елек өзенінің жалпақтығы 10 метр, ауданды Ресей Федерациясының, Орынбор облысының, Елек және Тұз-төбе аудандарын бөліп тұр.
Аудан құрамына 8 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Алмаз, Ақбұлақ, Ащысай, Ақтау, Ақшат, Ардақ, Қарағаш, Шыңғырлау ауылдық округтері кіреді.
Жаңалықтар
АшуШетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
АшуҮйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
«Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі және ауылдық округ әкімі аппаратында, дербес бөлімдер мен оларға бағынысты ұйымдардың қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы ХАБАРЛАМА
АшуКамбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
АшуМемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда
Оқиғалар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесуі
Құрметті аудан тұрғындары! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің 2026 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 11.00 – де Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында халықпен кездесуі өтеді. Өтетін уақыты: 18.09.2026 ж. сағ.11.00 Аудан тұрғындары өздерінің сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерін алдын-ала [email protected] электронды поштасына және +7 777 295 46 26 WhatsApp желісіне жолдауына болады. Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімі блогына https://chingirlau-bko.gov.kz/blog сілтемесі бойынша электронды форматта жолдауыңызға болады. Ұсыныс пікірлерді жолдаған кезде жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу өткеннен кейін облыс әкімі мен сала басшылары азаматтарға жеке қабылдау өткізетін болады. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты.
Құжаттар
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
2026 жылдың 9 айы бойынша Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарына 707 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: – аудан әкімінің аппаратына – 226, – ауылдық округтерге – 232, – бөлімдерге – 249 өтініш келіп түскен. Жалпы өтініштердің түрлері бойынша: – 545 – арыз, – 11 – шағым, – 43 – ұсыныс, – 108 – өзге өтініштер (хабарлама, сұрату, үн қосу). 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (742 өтініш) 4,71%-ға немесе 35 өтінішке азайды. Өтініштердің басым бөлігі келесі салаларға қатысты: – жер қатынастары – 272, – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 109, Келіп түскен 707 өтініштің 496-і қаралып, нәтижесінде: – 240 – қолайлы әкімшілік шешім қабылданды, – 60 – ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды, -94 - авторға жауап берілді – 33 – іс жүргізу тоқтатылды, – 7– назарға алынды, – 62 – өзге де шаралар қабылданды. Сонымен қатар, 194 өтініш құзыретіне сәйкес тиісті мекемелерге жолданды, қарауда 17 қалды. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша: Жалпы 246 қабылдау ұйымдастырылып, 315 азамат қабылданған. Оның ішінде: – аудан әкімі – 17 қабылдау, 55 азаматты қабылдады; – аудан әкімінің орынбасарлары – 43 қабылдау, 62 азаматты қабылдады; -аппарат басшысы – 8 қабылдау,14 азаматты қабылдады; -ауылдық округінің әкімдері – 77 қабылдау, 82 азаматты қабылдады; бөлім басшылары – 101 қабылдау, 102 азаматты қабылдады.
Ақтау ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылдың 27 қыркүйек күні Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 қыркүйектегі №58 шешімімен Хамитов Алмас Темірболатұлы 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды, Ақтау ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2026 жылдың 27 қыркүйегінде Шыңғырлау ауданы Ақтау сайлау округібойынша Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданы Ақтауауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлаукомиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі: Ақтау сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 267 азамат енгізілген, оның– 201 сайлаушысы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Бәріне қарсымын» жолы белгіленген саны– 2. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Ермуханов А.С.- 19 (9,69%); Казыева Б.Б.- 14 (7,14%); Хамитов А.Т.– 163 (83,17%). Хамитов Алмас Темирболатович 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысыШыңғырлау ауданы Ақтау ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған, Ақтау ауылдықокругінің әкімі болып сайланды. Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.