Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесуі

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Есеп беру кездесуіАяқталды

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің 2026 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 11.00 – де Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында халықпен кездесуі өтеді.
    Өтетін уақыты: 18.09.2026 ж. сағ.11.00
    Аудан тұрғындары өздерінің сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерін алдын-ала [email protected] электронды поштасына және +7 777 295 46 26 WhatsApp желісіне жолдауына болады.
    Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімі блогына https://chingirlau-bko.gov.kz/blog сілтемесі бойынша электронды форматта жолдауыңызға болады.
    Ұсыныс пікірлерді жолдаған кезде жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.
    Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу өткеннен кейін облыс әкімі мен сала басшылары азаматтарға жеке қабылдау өткізетін болады.


    Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты.

    Ұқсас материалдар