
Сағынгереев Темірболат Мұхитұлы
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
1983 жылдың 13 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, жол қозғалысынын ұйымдастыру жөніндегі инженер мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін, заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
2000 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін БҚО, Ақжайық ауданы «Бірлес» ЖШС-нің жұмысшысы.
2005 жылдың тамызынан 2007 жылдың қаңтар айы аралығында БҚО, Ақжайық ауданы «Бірлес» ЖШС-нің автомеханигі.
2007 жылдың ақпанынан шілде айына дейін Орал қаласы әділет басқармасының іс жүргізушісі.
2007 жылдың шілдесінен 2008 жылдың тамыз айына дейін «Орал қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің инспекторы.
2008 жылдың тамызынан 2011 жылдың шілде айы аралығында Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының мониторингі және сумен қамту нысандарының құрылысы бөлімінің бас маманы.
2011 жылдың шілдесінен 2012 жылдың сәуір айларында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы.
2012 жылдың сәуірінен 2013 жылдың тамызы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы.
2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының анализ және бақылау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қазан айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметінде.
2017 жылдың 12 қазанында Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.



