
Бисембаев Азамат Танырбергенович
Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
1978 жылы 11 наурызда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «АӨК экономикасы мен менеджменті» мамандығы бойынша, 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2004-2005 жылдары Шыңғырлау ауданының Лубен селолық округі әкімі аппаратының бас маманы.
2005-2007 жылдары Шыңғырлау ауданының Лубен селолық округі әкімі аппаратының бас маман-аппарат жетекшісі.
2007-2009 жылдары «Батыс Экспресс Сервис» ЖШС-і директорының орынбасары.
2009-2014 жылдары Шыңғырлау ауданының Лубен селолық округінің әкімі.
2014-2015 жылдары Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.
2015-2018 жылдары Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2018-2019 жылдары Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2019-2025 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.



