
Өмірбаян
Узбеков Ерлан Маханбетович 1969 жылы 05 шілде күні, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Көк-Терек с. дүниеге келген. 1992 жылы Алматының мемлекеттік медициналық институтын, стоматология мамандығы бойынша бітірген, 1997 жылы Түлкібас агробизнес және туризм жоғары колледжін «экономика и планирование в отраслях народного хозяйства» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «финансы и кредит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының кедендік органдарынан бастаған. Атырау облысының кедендік басқармасының, «Байқоңыр» кеденінде, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2019 жылдың маусым айының 2023 жылдың ақпан айына дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінің, «Атамекен», «Түркістан – кедендік ресімдеу орталығы - Әуежай» кеден бекеттерінің басшысы ретінде қызмет атқарған.
2023 жылы ақпан айында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы лауазымына тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.


