
Өмірбаян
Ешанкулов Сапарбек Еркинбекович 1982 жылы 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы бойынша салық комитетінде маман болып бастаған.
2006 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде акцизді өнімді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысылауазымдарында жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасында, Берешектермен жұмыс басқармасында, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасында басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығымен 2022 жылдың 3 қазанынан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.


