
Өмірбаян
Қарымсақов БейбітЕркинбайұлы1962 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
1996 жылдан бастап - Алматы қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2003-2014 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, әрі қарай Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Содан кейін, Алматы әкімі аппаратының басшысы, "Астана ЭКСПО-2017 "Ұлттық компаниясы"АҚ Басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ - да экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс атқарған.


