
Өмірбаян
Сәрсенбаев Берекет Жұбанышбайұлы 1981 жылы Жаңақазалы қыстағында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастаған.
2010 жылы ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Қазалы ауданы бойынша уәкілетті мемлекеттік экологиялық инспекторы, бас маманы;
2013-2015 жылдары ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Қармақшы ауданы және Байқоңыр аймағы бойынша мемлекеттік экология инспекторы;
2015-2016 жылдың қараша айына дейін ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мемлекеттік экологиялық инспекторы;
2016 жылдың қараша айынан 2022 жылдың 5 қазанына дейін ҚР энергетика министрлігінің Мұнай газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Оңтүстік өңіраралық басқармасының бас маманы болып қызмет жасаған.
2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың тамыз айына дейін Қызылорда облысы, Қазалы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің Ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2023 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Шәкен ауылдық округінің әкім қызметін атқарып келеді.




