
Өмірбаян
Абай Қоңырбайұлы - 1965 жылы Арал ауданы, Қарақұм ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1989 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазалы асыл тұқымды қаракөл кеңшарының веттехнигі болып бастаған. 1990-1992 жылдары Абай атындағы ұжымшардың бас мал дәрігері, 1992-1993 жылдары Қазалы асыл тұқымды қаракөл кеңшарының бас малдәрігері,
1993-1996 жылдары Ғ.Мұратбаев атындағы ұжымшардың басқарма төрағасы, 1996-1997 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы,
1997-2000 жылдары аудан әкімі аппаратының жалпы секторының бас маманы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2000-2002 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі,
2002-2005 жылдары аудан әкімі аппаратының басшысы,
2005-2008 жылдары Әйтеке би кентінің әкімі,
2008 жылдың сәуір-қараша айларында облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары-іс басқарушысы, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспекторы,
2008-2010 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың шілде айынан бастап 2016 мамыр айына дейін аудандық ветеринария бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2016 мамыр айынан 2017 жылдың шілде айына дейін «Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың тамызайынан бастап 2021 шілде айына дейін Мұратбаев ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Сайлау өткізілуіне байланысты қайта сайланып 2021 жылдың шілде айынан бастап Мұратбаев ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.




