Жәмшейтов Орысбек Қаниұлы

    Бөлім басшысы

    Жәмшейтов Орысбек Қаниұлы
    Руководитель отдела

    Жәмшейтов Орысбек Қаниұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Жәмшейітов Орысбек Қаниұлы 1966 жылы 9 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық Кеңесінде дүниеге келді. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы №92 орта мектепке 1 класқа қабылданып, 1983 жылы осы мектепті бітіріп шықты. Білімім жоғары. 1991 жылы Алматы қаласындағы Алматы зоотехиникалық малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2004 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру мамандығы бойынша бітіріп шықты.

    Еңбек жолынды 1983 жылы Қазалы ауданы, «Қызыл-Ту» совхозында жұмысшы болып бастады. 1991-1994 жылдары Қазалы ауданы, «Қызыл-Ту» совхозына ірі қара фермасында зоотехник. 1994-1996 жылдары осы фермада бас зоотехник.
    1996-1997 жылдары Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы, Қарашеңгел ауылдық округі әкімі.
    1997-1998 жылдары Қазалы ауданы, Құмжиек ауыл әкімшілігінің әскери есеп жүргізу маманы.
    1998-2001 жылдары аралығында Жалаңтөс батыр ауылы «Қыдыр» шаруа қожалығының төраға орынбасары.
    2002 жылы Жалаңтөс батыр ауылындағы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі, 2002-2006 жылдар аралығында осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
    2012-2017 жылдары Басықара ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарып келді.
    2017 жылдың тамыз айынан бастап 2021 жылдың маусым айына дейін Қарашеңгел ауылдық округі әкімі.

    2021- 2023 ға дейін Қазалы аудандық спорт бөлімінің басшысы

    2023-2024 жылдары Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары

    2024 жылдың наурыз айнына бастап Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері