Өмірзақов Серік Дәкенұлы

    Көларық ауылдық округінің әкімі

    Өмірзақов Серік Дәкенұлы
    Аким

    Өмірзақов Серік Дәкенұлы

    Көларық ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Өмірзақов Серік Дәкенұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық Кеңесінде 1968 жылдың 31-мамырында дүниеге келген.

    1975 жылды Жаңақазалы поселкесіндегі №249 сегіз жылдық мектепке барып, 1985 жылдың 25-мамыр айында №190 орта мектепті бітірді.

    2006 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетіне түсіп, 2009 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің Заңтану мамандығын алып шықты.

    Еңбек жолын №190 мектептін 1985 жылғы мектеп бітірушілерінің бастамасымен аудан көлеміне өндіріске бір жыл жұмыс істеуге үндеу көтеріп, ХХІІ-партсъезд атындағы совхозда механизаторы болып жұмысқа тұрды.

    Азаматтық парызыма орай 1986-1988 жыл аралығында Украина Советтік Социалистік Республикасының Львов қаласында Прикарпатский әскери округіндегі №55532 әскери құрылыс бөлімшесінде әскери қызмет атқарды.

    1989 жылы ХХІІ-партсъезд атындағы совхозда сушы-механизаторы болып жұмысқа тұрдым. Өндірістен қол үзбей жүріп, 1993 жылы Талдықорған Заң техникумына түсіп, 1995 жылы бітіріп шықты.

    1996 жылы Қазалы қаласындағы жолаушылар тасымалдаушы «Талап» Ашық Ақционерлік Қоғамына заңгер қызметтіне жұмысқа орналасты.

    2004 жылдың 12 - мамырында «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне маман-юрисконсульты болып мемлекеттік қызметке қабылданды. Осы мемлекеттік мекемеде 2008 жылы жетекші маманға тағайындалды.

    2010 жылдың 1-желтоқсан айында «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне еңбек шарты негізінде заңгер маманы болып жұмысқа тұрды.

    2013 жылдың 1-қазан айынан бастап «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жетекші маман міндетін уақытша атқарушы болып жұмысқа қабылданды. 2014 жылдын 13-қаңтарынан «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, 2015 жылдың 5-мамыр айынан бастап 2019 жылдың 28-тамызына дейің «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бас маманы болып қызмет атқарды.

    2019 жылдын 19-қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көларық ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.

    2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қыркүйек айына дейін Көларық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

    2023 жылдың қыркүйек айында қайта сайлау өтуіне байланысты,қайта сайланып Көларық ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері