
Өмірбаян
Бөлебай Ақылбек Бекқожаұлы 1964 жылы 25 қарашада Қазалы ауданы «Бозкөл» ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай мәдени ағарту училищесі және Шымкент Университетін музыкалық білім бакалавры бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Бозкөл совхозының экономикасын көтеруге өндірісте комсомол жастар бригадасын құрып бастаған.
1983-1985 жылдар аралығында Әскер қатарында болған.
1988-1989 Карл-Маркс совхозында мәдениет үйінің директоры.
1989-1990 Бозкөл ауылдық мәдениет үйіне художнигі.
1991-1996 жылдары Бозкөл совхозында балалар ән-әуез мектебінің директоры.
1988-1999 жылдары Қазалы қалалық мәдениет үйіне аға әдіскері
1999 -2001 жылдар Аудандық мәдениет үйінің директоры.
2001-2004 жылдары Қазалы қалалық мәдениет үйінің директоры.
2004-2012 жылдар аралығында Бозкөл ауылдық округінің әкімі.
2012-2013 аралығындағы уақытта Тасарық ауылдық округінің әкімі.
2015-2018 жылдары Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің мәдени-ұйымдастырушысы болып қызмет істеген.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2022 жылдың тамыз айына дейін Бозкөл ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.
Сайлау өткізілуіне байланысты қайта сайланып,2022 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Бөзкөл ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келеді.




