
Исақызы Жаныл
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу - алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Жаныл Исақызы 1983 жылы 21 сәуірде Сырдария ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.
- 2001 жылы «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина академиясына» түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
- 2011-2013 жылдары «Қазақ Онкология және Радиология ғылыми зерттеу институтында» резидентурадан өткен.
Бүгінгi таңда Бүгінгi таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Денсаулық сақтаудағы iскерлiк-әкімшілік» мамандығы бойынша магистратурада бiлiмiн жетiлдiруде.
Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облыстық медицина орталығындағы облыстық перинаталды орталығында дәрігер акушер-гинеколог болып бастаған.
- 2013-2015 жылдары «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде» маман;
- 2015-2021 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінде бас маман;
- 2021 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін көпбейінді облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының қызметтерін атқарған.
- 2023 жылдың 27 қазанынан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

