«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ведомстволық бағыныстағы аумақта медицина және денсаулық сақтау саласы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілеттілік алған, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметі болып табылады. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау. Талдау жүргізу кезеңі ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары 2025 жылды қамтиды. Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №27 мекенжайдағы ғимараттың 2 қабатында орналасқан «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы», [email protected] электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Басқарманың 23-44-05 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі. Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қызылорда облысыныңденсаулық сақтау басқармасы» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Талдауға қатысу туралы сұрақтар бойынша Қызылорда қаласы, Абай даңғылы № 27 мекенжайда орналасқан Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына хабарласуға болатындығы жеткізіледі. Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымға орналасуға құжаттарды тапсырған Конкурсқа қатысушы кандидаттар № Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Әңгімелесуді өткізу орны, күні және уақыты 1 Ахмет Ләйлә Кенжебайқызы 21 шілде 2025, сағ.15.00 2 Нурсейтова Галия Талгатовна 21 шілде 2025, сағ.15.00 Комиссия хатшысы Дюсенова Шолпан Ашировна
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының халықпен жұмысы туралы 2026ж 9 айлық мәліметі
01.01.2026ж.-30.09.2026жж.аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына барлығы - 5615 өтініш тіркелінді, оның ішінде 3812 жеке тұлғалардан, 726 заңды тұлғадан, 425 - басшы мен орынбасарларының қабылдауына, 634 - қоғамдық қабылдауға түскен өтініштер. Түскен өтініштердің 3725- арыз, 340- шағымды, басқа да ұсыныстар- 1550 (сауал, ұсыныс, үн қату) құрайды. 1077 - арызданушы өз өтініштерін қарау мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап, ол өтініштер тоқтатылған. Басқа органға қарау үшін жолданғаны- 639. Нәтижесінде көрілген тәртіптік шаралар саны- 2 . Оның 0 қатаң сөгіс, 0 - сөгіс, 2- ескерту; жұмыстан босатылған-0, қызметінен шеттетілгені-0 Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жыл III тоқсан қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды цифрландыру
Цифрландыру Қазіргі уақытта аудандық деңгейге дейінгі және одан төменгі барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген, ал кемінде 4 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне 93,2%-ы қосылған.Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына тіркелген халықтың 93,6%-ына электрондық денсаулық паспорттары толтырылған. Қазіргі уақытта «Даму-мед» жүйесі арқылы дәрігер қабылдауына жазылу және дәрігер тағайындаулары электронды форматта 47%-ды құрайды. Облыстың 15 медициналық ұйымында, оның ішінде 8 аудандық, 1 қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедициналық жабдықтар кешені орнатылған. 2026 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша (01.01–30.09.2026) телемедициналық консультациялар саны 664-ті құрады, оның ішінде республикалық орталықтармен — 103, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен — 551 кеңес өткізілді. Зерттеу нәтижелерінің жоғалуын болдырмау, қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау, сондай-ақ медициналық құжаттаманың ұзақ әрі сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «DICOM-бейнелерді беру және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. PACS жүйесі меншік нысанына қарамастан енгізілуге тиіс барлық 24 медициналық ұйымға, соның ішінде Қызылорда қаласының барлық 18 медициналық ұйымына енгізілді.
Жарияланды:
Есеп
Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 30 қыркүйек айына
АНЫҚТАМА2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 16 404 195,8 мың теңге. 2026 жылдың қыркүйек айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 8 942 347,9 теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 8 941 785,0 мың теңге, игерілмегені 562,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 8 942 266,5 мың теңгеден игерілгені 8 941 703,6 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 562,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 4 731 982,0 мың теңге.Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 81,4 мың теңге толығымен игерілді.
Жарияланды:
Хабарландыру
«Қызылордаоблысының денсаулықсақтаубасқармасының Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ
Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.Конкурс өткізу күні: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.Конкурс өткізу орны: индексі 120001, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі, 18 үй, анықтама үшін телефон 8 (7242) 23-05-13, ұялы.тел. 87760769492, e-mail: [email protected]Кәсіпорынның орналасқан жері: индексі 120001, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі, 18 үй, анықтама үшін телефон 8 (7242) 23-05-13, ұялы.тел. 87760769492, e-mail: [email protected]Негізгі қызметі: білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызмет көрсету.«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның дара басшылық негізінде директор басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.Лауазымдық міндеттері:Ұйымның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін білім беру қызметінің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.Ұйымның қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде қызметтік этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытылы есеп беруін қамтамасыз етеді.Білуі керек: Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 наурыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы – экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;- медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; - денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру. Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар: аудандық және қалалық маңызы бар, денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігері):«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» және «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат), денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты және денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстерін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" "Мемлекеттік сатып алу туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.Конкурсты өткізу күні:1. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: "_23__" __қыркүйек___ 2026 жылы сағат 9:00-ден бастап 2. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: "07" қазан 2026 жылы сағат 17:00-ге дейінКонкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен әңгімелесуден өтеді.Байқау кеңесі қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Жарияланды:
Есеп
Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 31 тамыз айына
АНЫҚТАМА2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 16 444 046,8 мың теңге. 2026 жылдың тамыз айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 6 451 025,8 теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 6 450 287,4 мың теңге, игерілмегені 738,4 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 6 451 025,8 мың теңгеден игерілгені 6 450 287,4 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 738,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 4 731 982,0 мың теңге.Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 81,4 мың теңге.
Жарияланды:
Есеп
Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 31 шілде айына
АНЫҚТАМА2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 16 443 965,4 мың теңге. 2026 жылдың шілде айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 5 674 964,8 теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 5 674 510,7 мың теңге, игерілмегені 454,1 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 5 674 964,8 мың теңгеден игерілгені 5 674 510,7 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 454,1 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 4 731 982,0 мың теңге.