Қызылорда облысы бойынша бірыңғай Call-орталық?
Call-центрдің (байланыс орталығының) негізгі мақсаттары мен функциялары Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесіндегі халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған. Орталықтың басты міндеті — азаматтарға сапалы медициналық көмек алу құқықтары мен тәртібі туралы жедел ақпарат беру және олардың ауызша өтініштерін қабылдап, уақтылы қарауды қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, медициналық сақтандыру жүйесінің аясында заңнама бұзылуының алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу тікелей осы орталық арқылы жүзеге асырылады. Call-центр облыс аумағындағы медициналық саланың жүйелі проблемаларын анықтап, оларды шешумен айналысады, сондай-ақ азаматтардың ауызша өтінімдеріне жедел әрі тиімді жауап беру жүйесін қалыптастырады. Өз қызметі аясында орталық тұрғындарға тұрақты түрде анықтамалық-консультациялық көмек көрсетіп, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына көңілі толмайтын азаматтардың мәселелерін шешу үшін шұғыл шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда, өтініш білдірген тұлғаларға олардың мәселелерін қарау нәтижелері туралы міндетті түрде хабар беріледі. Сондай-ақ, келіп түскен барлық өтініштерді талдау мен жинақтау негізінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған арнайы ұсыныстар мен іс-шаралар әзірледі. Осылайша, Call-центр азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және оларды толық көлемде қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды атқарады.