Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

    Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы
    Руководитель управления

    Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Әбiлпатта Алмас Әбдіғаппарұлы 1987 жылы 8 желтоқсанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.

    - 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне «Емдеу ісі» факултетіне түсіп, 2011 жылы бітірген.

    - 2011-2012 жылдары «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

    - 2022-2023 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру» мамандығының магистрі бойынша бiтiрген.

    Еңбек жолын 2012 жылы облыстық медицина орталығының қабылдау бөлімінде хирург дәрігер болып бастаған.

    - 2013-2014 жылдар аралығында облыстық медицина орталығының №1 Жоспарлы хирургия бөлiмшесiнде хирург дәрігер;

    - 2014-2018жылдары облыстық медициналық орталығы хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері;

    - 2018 -2023 жылдар аралығында көпбейінді облыстық ауруханасы директорының хирургия саласы бойынша орынбасары;

    - 2023-2026 жылдары Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.

    - 2026 жылдың 10 наурызынан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері