
Мирзанова Мая Миранбаевна
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
Мирзанова Мая Миранбаевна 1984 жылдың 17 қыркүйегінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.
- 2001 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 2007 жылы «дәрігер» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 - 2016 жылдар аралығы Сырдария аудандық ауруханасында акушер-гинеколог болып бастаған.
- 2016 - 2018 жылдар аралығында Қызылорда қаласында №6 қалалық емханада акушер-гинеколог, 2018 - 2021 жылдары бас дәрігердің ана мен бала ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарған.
- 2021 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

