
Сейтов Еркін Нұржаубайұлы
Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Еркін Нұржаубайұлы 1988 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. «Қаржы» және «жерге орналастыру» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар маман.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазалы жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерге орналастырушы маманы болып бастаған.
2008 жылдан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.
2019 жылдан бастап 2023-тің ақпан айына дейін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді




