
Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Өмірбаян
1981 жылы 2 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген. 2002 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін құқық және экономика негіздері мамандығын және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау универсиететін заңтану бакалавры дәрежесі бойынша бітірді.
2002-2004 жылдар аралығында Көкшетау қалалық сотының маманы қызметінде болды. |
2005-2008 жылдар аралығында Ақмола облысының мәдениет басқармасының ақпараттық-талдау және кадр бөлімдерінде әртүрлі қызметтер атқарды. |
2008-2012 жылдар аралығында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы, Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімнің бас маманы болды. |
2012 – 2013 жылдар аралығында Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясы басшысының орынбасары қызметіне дейін атқарған. |
2013 – 2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Инспекция және бақылау бөлімінің инспекция секторының бас консультант-инспекторы болып жұмыс істеді. |
2014 – 2016 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас консультанты болды. |
2016 қаңтар айынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы болды. |
2016 – 2019 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды. |
2019 – 2022 жылдар аралығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары болды. |
2022 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. |
2025 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.а. қызметін атқарады. 2025 жылдың 10 маусымнан бстап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарады. |





