Сматуллаев Ғалым Зыяуұлы

    Бөлім басшысы

    Сматуллаев Ғалым Зыяуұлы
    Руководитель отдела

    Сматуллаев Ғалым Зыяуұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ғ.Сматуллаев 1975 жылы Арал ауданы, Октябрь ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қазақстандық экономика және құқық институтында экономист мамандығы бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 1992 жылы Жаңақазалы көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінің кірістерді және түсімдерді болжау бөлімінің экономисті, 1999-2000 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінің аға есепшісі, 2000-2001 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінде кірістердің түсуін бағдарлау және талдау жөніндегі маман, 2001-2004 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінің бюджет инспекциясының жетекші маманы, 2005-2006 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінде коммуналдық меншiк және мүлiктi жалдауды басқару қаржы түсiмдерiн реттеу, мемлекеттiк сатып алу мониторингi талдау бөлiмшесінiң бас маманы, 2006-2009 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2009-2013 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

    2013-2017 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

    2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының "Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс" бөлімінің басшысы болып табылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері