
Өмірбаян
Әділхан Жөлекешов – 1982 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика, 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазалы ауданында №70 мектепте мұғалім болып бастаған.
2006-2008 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, 2008-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, 2014-2015 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттің Батыс аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімімінің бас маманы, 2016-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, 2017-2018 жылдары Қазалы ауданының білім бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылдың маусым айына дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
2020 жылдың маусым айынан 2021 жылдың қараша айына дейін Қазалы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




