
Тоқымбаев Ержан Аманжолұлы
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Токимбаев Ержан Аманжолұлы, 1968 жылы 4 сәуірде Қарағанды облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген.
1985 жылы Жаңаарқа ауданы Ақтау кентінің орта мектебін бітірді. 1989 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1995 жылы академик О.А.Байкануров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын «Автомобильдер және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша бітірді. 1995 жылы 22 маусымда «Машина жасаушы» біліктілігі берілді.
Отбасылы, бала-немере тәрбиелеп отыр
Еңбек жолы 1988 жылы «Жезқазғантүстіметалл» МКҰ тау-кен техникасын жөндеу зауытында электр дәнекерлеуші ретінде бастады.
1992-1997 жылдар аралығында дәнекерлеу цехында шебер, ауысым және аға шебері.
1997 жылы цех басшысы болып тағайындалды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Kazakhmys Maintenance Service» ЖШС әкімшілік және шаруашылық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2016 жылы «Nur Otan» партиясының бастауыш ұйымының төрағасы болды. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 28 қарашадағы шешіміне сәйкес Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесi, 2017 жылы 20 наурызда Сәтпаев Мәслихатының депутаты болды.
2019 жылдың 26 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласындағы ыСәтбаев жылу, сумен жабдықтауы кәсіпорнында директор болып жұмыс істейді.





