
Умбетова Базаркуль Сейтжановна
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Базаркүл Сейітжанқызы Үмбетова, 16 қараша 1966 жылы Жезқазған қаласында туған. ҚазМҰУ журналистика факультетін (1990ж), Орта-Азиялық университеті заң факультетін бітірген (2003ж).
1985-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясында тілші, редактор, қоғамдық саяси бағдарламалар редакциясының бөлім меңгерушісі.1997- 2002 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының «Астана» студиясында комментатор болып қызмет атқарды.
2002 жылдан - 2018 жылға дейін «Қазақстан РТРК» АҚ «Астана» радиосында жауапты редактор, шеф редактор, директордың орынбасары, бас редактор. 2018 жылдан Qazir.kz порталының бас редакторы.
2019-2021 ҚР Кәсіподақтар медиаорталығында сарапшы. 2021 жылдан қазірге дейін «ULYTAU» облыстық телерадиокомпаниясының креативті директоры. (бұрынғы «Дидар» қалалық телеарнасы). ҚР Журналистер Одағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі.





