Жумкина Светлана Серикбаевна

    Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты

    Жумкина Светлана Серикбаевна
    Депутат маслихата

    Жумкина Светлана Серикбаевна

    Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Жумкина Светлана Серикбаевна, 16.10.1967 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келді.

    Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Ыбырай алтынсарин атындағы орта мектебін 1985 жылы бітірді.

    1985 жылы Шет ауданының Қайрақты бөлімшесінде құрылған «Самал» жастар бригадасында жұмыс істеді.

    1986-1989 жж. аралығында Қарағанды мәдени – ағарту училищесінде оқыды.

    1989 жылы Шет аудандық мәдениет үйінде көркемдік жетекші, мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды.

    1990-1995 жж. аралығында Жезқазған педагогтік институтында «Филология» факультетінде оқып, үздік дипломмен аяқтады.

    1995 жылы Жезқазған педагогтік институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

    1996-1998 жж. аралығында филология факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.

    2001 жылдан бастап кафедра ассистенті, аға оқытушы болды, 2005 жылдан бастап кафедра доценті болып еңбек етті.

    30.02.2004 ж. М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институтының жанындағы диссертациялық кеңесте «Шашубай Қошқарбайұлының әдеби мұрасы және ақындық орта дәстүрі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

    2005-2006 оқу жылында университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды.

    2005-2011 жж. аралығында Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Ғылыми кеңесінің мүшесі болды.

    2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ басшысы қызметін атқарып келеді.

    2010 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

    2014 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры ғылыми атағын иеленді.

    Білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін:

    2010 ж. – «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелісі;

    2013 ж. – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

    2014 ж. - «Колледждің үздік оқытушысы» Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы;

    2021 ж. – «Қарағанды облысының білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    Қазақстан Республикасында меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен наградталды.

    2022 ж. - «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    2020 ж. – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», 2021 ж. – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», 2021 ж. – «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Қ.Ж. Тоқаевтың, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен, ҚР Білім Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Ақын-импровизатор; өлеңдері республикалық басылымдарда басылып, "Сарыарқа сазы", "Армандастар", "Мыс мұхитының желкені"өлеңдер жинағына енген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері