
Өмірбаян
1977 жылы Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Грязновка ауылында дүниеге келді. 1983 жылы Жамбыл мектебінің 1 сыныбына барды, 1993 жылы аяқтады. 1993-1995 жылы Ақсу қаласының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2003 жылы Павлодар университетін «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
1995 жылдан бастап Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде қызмет атқаруда, біліктілік санатым-зерттеуші.
Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі. 2016 жылы дойбы бойынша «1 разрядты спортшы» спорттық разряды берілген. ҚР Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін«Үздік ғылыми жоба авторы» атты төс белгісінің иегері, Ж.Марданов атындағы Қоғамдық бірлестіктің, «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Май ауданының Қоғамдық кенесінің мүшесі, Май ауданының қазақ тілі қоғамының мүшесі. 2022 жылы Аудан атынан «Аудан алдыңда сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында VIII сайланған Май аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.





