Жапишев Рашит Отарбайұлы

    Мәслихат депутаты

    Жапишев Рашит Отарбайұлы
    Депутат маслихата

    Жапишев Рашит Отарбайұлы

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Мен, Жапишев Рашит Отарбайұлы 1974 жылы 24 тамызда Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр совхозында (қазіргі Кеңтүбек ауылы) дүниеге келді. 1981 жылы Жалтыр орта мектебіне барып, 1991 жылы орта мектепті аяқтады.1992-1994 жылдары Отан алдында борышты өтеді.

    16 жасыман бастап жазғы демалыста егін салу, егін орағы кезінде комбайн жүргізушісі, механизатор, дәнекерлеуші болып еңбек жолын бастадым. Білімі жоғары. С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінің энергетика факультетінің түлегі.

    2001 жылдан бастап Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясының Көктөбе станциясында автоманттандырылған белгі беру және бұғаттау бөлімінің электромеханигі болып істейді.

    Қазіргі уақытта жұмысымен қатар «Жалтыр» шаруа қожалығын басқарып, ата кәсібін дамытуға күш жұмсауда.

    1996 жылдан облыстық деңгейде өткен аймақтық жарыста өнер көрсетіп, аударыспақтан облыс біріншіліктерінен жүлдемен оралды.

    Қол күресі - армрестлингтен облыстық жарыстардың күміс жүлдегері атанды.

    Май ауданының көкпар командасы 2008-2010 жылдары облыс чемпионатының жеңімпазы атанды.

    Павлодар облысында көкпардан бас төреші қызметін атқарды.

    Талдықорғанда Малайсары батырға ескерткіш орнатуға атсалыстым, Ақбалық хазірет, Күшік батыр, Мақат қажы кесенелері, Кеңтүбек ауылының 60 жылдық тойына орай салынған кіреберіс қақпаның салынуына үлес қосты.

    Ауданымыздың дамуына қосқан үлесім үшін «Аудан алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

    2022 жылдың 5 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы президентінің қолынан компанияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.

    2023 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында VIII сайланған Май аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері