Аппарат маслихата Майского района

    Мәслихат туралы

    Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады , онда Қазақстан Республикасының заңдарымен оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі. Мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші бар болады. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сессия мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріліп, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырыла отырып жалпы отырыстар нысанында өткізіледі.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Хабарлама Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының мерзінен бұрын шығып қалған мүшелеріның орнына сайлау туралы

    Хабарлама Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының мерзінен бұрын шығып қалған мүшелеріның орнына сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Павлодар облысы Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, № 356, № 361,№ 593 учаскелік сайлау комиссиясының және № 1, № 2, № 4, № 8 округтік сайлау комиссияларының мерзінен бұрын шығып қалған мүшелерінің орнына туралы хабарлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары2026 жылғы 01 қазаннан бастап 17 қазанға дейінМай аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралықұжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы мәлметті, кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына келісімі туралы белгіленген өтініштің нысанын аудандық мәслихатының сайтында алуға болады www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-maysk Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс. Сайлау Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 17 ақпанға дейін, дүйсенбі - жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс-13:00-ден 14:30-ға дейін. Байланыс ақпараты: «Май аудандық мәслихатының аппараты» ММ Мекенжайы: Май ауд., Көктөбе а-ы, Абылайхан көш-і, 32, 1-ғимарат Төраға – Хызыр Мейрамбек Жауапты тұлға: Ахшалов Максат Бекмұхамбетович Телефон: (8 718-38) 91-1-69 Ұялы телефон: 8-705-148-76-32 Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8-718-38-91-3-51 Электрондық пошта: [email protected] Май аудандық мәслихат аудандық аумақтық, 3 учаскелік және 4 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды. № Сайлау учаскесінің нөмірі Сайлау учаскесіобъектісінің(дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы Сайлау учаскесініңорналасқан жерініңмекенжайы Комиссия мүшелерінің босаған орын саны Елді мекен Көше Үй 1 2 3 4 5 6 7 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 1 Аудандық окушылар үйі Көктөбе Әйтеке би 12 1 Учаскелік сайлау комиссия - 6 1 № 356 ауылдық клубының ғимараты Майтүбек Б. Момышұлы 7/5 1 2 № 361 ауылдық клубының ғимараты Малайсары Маметова 1 2 3 № 593 Ерсін Мұқашев атындағы орта мектебінің ғимараты Көктөбе С.Сейфуллин 3/1 1 Округтік сайлау комиссия - 5 1 № 1 Ақжар ЖОББМ ғимараты Ақжар Құрманғазы 4 1 2 № 2 Қаратерек ЖОББМ ғимараты Қаратерек Жабаева 17 1 3 № 4 Малайсары ауылдық клубының ғимараты Малайсары Маметова 1 1 4 № 8 Аудандық мәдениет үйінің ғимараты Көктөбе Абылайхана 40 1 Май аудандық мәслихаты

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    «Б корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Май аудандық мәслихатының аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.08.2026-24.08.2026 Қабылдау 1 этап: 21.08.2026-24.08.2026 Қабылдау 2 этап: 25.08.2026 Практикалық бағалау: 26.08.2026 Анықтама телофоны: +7 777 651 6328 Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметтердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: Май аудандық мәслихатының аппаратының бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдық міндеттері: Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың уақытылы және сапалы жасалуына, құжаттардағы деректердің нақтылығына, іске асырылып жатқан операциялардың заңдылығына жауапты. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; бір жылдаң кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды:
    Ереже

    «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    «Май аудандық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекет органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ: «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін. Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі««Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 2/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 180248 болып тіркелген)күші жойылды деп танылсын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Май аудандық мәслихатыныңтөрағасы М. Хызыр Май аудандық мәслихатының2026жылғы_______________ ________шешімімен бекітілді «Май аудандық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі 1 тарау. Жалпы ережелер «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Май аудандық мәслихаты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттөрағасыныңжәне мәслихат аппаратының басшысының өкімдерімен,бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140800, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктүбек ауылдық округі,Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі 32,құрылыс 1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі. Мемлекеттік органның толық атауы – «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение «Аппарат маслихата Майского района». Осы Ереже «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілетіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға істеуге тыйым салынады. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері Міндеттері: аудандық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету; аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету; мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеу міндеттерімен қамтамасыз ету; аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; өз өкілеттіктері шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляциялауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау. Өкілеттіктері: 1) Құқықтары: аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату; аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту; депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу; қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 2) Міндеттері: ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау; қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Функциялар: мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудан мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету; мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, аудандық мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету; «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету; әзірлеуші аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру; аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді; тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу; аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді және оны аудандық бюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді; сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. 3 тарау. Мемлекеттік органның мәслихат төрағасының, мәслихат аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудандық мәслихаттыңтөрағасыжүзеге асырады. Аудан мәслихатының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Ол депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихаттың сессиясында лауазымынан босатылады. Мәслихат төрағасы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланады. Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе аудандық депутаты уақытша жүзеге асырады. Аудандық мәслихат төрағасыныңөкілеттіктері: 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; 2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды; 3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды; 5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды; 6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады; 8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе көтеруге бастамшылық жасайтын мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқаулығын тексеруді ұйымдастырады; 10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады; 11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді; 12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады; 13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді; 14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. Аудан мәслихатының аппаратын мәслихат аппаратының басшысы басқарады,Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аудан мәслихатының төрағасы қызметке тағайындайды және лауазымнан босататын. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері: 1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстеме ақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзырет ішегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату «Май аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Б корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Май аудандық мәслихатының аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.08.2026 - 11.08.2026 Қабылдау 1 этап: 10.08.2026- 11.08.2026 Қабылдау 2 этап: 12.08.2026 Практикалық бағалау: 13.08.2026 Анықтама телефоны: 87776516328 E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: Май аудандық мәслихатының аппаратының бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдық міндеттері: Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың уақытылы және сапалы жасалуына, құжаттардағы деректердің нақтылығына, іске асырылып жатқан операциялардың заңдылығына жауапты. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; бір жылдаң кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды: