«Б корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Май аудандық мәслихатының аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.08.2026-24.08.2026
Қабылдау 1 этап: 21.08.2026-24.08.2026
Қабылдау 2 этап: 25.08.2026
Практикалық бағалау: 26.08.2026
Анықтама телофоны: +7 777 651 6328
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметтердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Май аудандық мәслихатының аппаратының бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың уақытылы және сапалы жасалуына, құжаттардағы деректердің нақтылығына, іске асырылып жатқан операциялардың заңдылығына жауапты.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; бір жылдаң кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.