Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бакытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    Директор

    Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бакытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    Өмірбаян

    Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы, 1961 жылы, 10-шы наурызда, Ақжар ауылында, қарапайым етікшінің жанұясында дүниеге келді. 1968 жылы Ақжар ауылындағы К.Д.Ушинский атындағы мектепке, бастауыш сыныпқа оқуға барып, 1978 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірді. 1978-1982 жылдар арасында Ақжар кеңшарында жұмысшы болып істеді. 1979-1981 жылдары арасында Монғол Халық Республикасындағы «Гобби» шөлінде әскер қатарындағы міндетін атқарды. 1982-1986 жылдары Алматы қаласындағы дене мәдениеті институтын «Бұқаралық дене мәдениеті мен сауықтыру және туризмді ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. 1986-1990 жылдары Ақжар балалар спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы болып істеді. 1990-1992 жылдары аудандық комсомол комитетінің 2-хатшысы болып қызмет істеді.1992-1993 жылдары Тұғыл қонысындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің директоры болып қызмет атқарды. 1993-1995 жылдары Ақжар балалар спорт мектебінің директоры болды. 1995-2002 жылдары Абай атындағы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2002 жылдың тамыз айынан бастап 2008 жылға дейін осы Ақжар ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепте директор болып қызмет істеді. 2008-2013 жылдар аралығында осы мектептің мұғалімі. 2013 жылдан бастап, бүгінгі күндерге дейін Б.Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарады. Шәкірттерінің ішінде қазақ күресінен және еркін күрестен, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болған көптеген спортшылар шыққан. Төлеген Әбілғазыұлының өзі де, он жылдан астам уақыт еркін және қазақ күресінен, аудан намысын қорғап облыстың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы болды. Әскер қатарында жүріп дивизия чемпионы болды. Күрестен көптеген республикалық деңгейдегі жарыстарға төрешілік етті. «КСРО Альпинисі» деген белгінің иегері. Салауатты өмір-салтын насихаттаушы спорт ардагері. Спорттан басқа жан-жақты өнердің де жанашыры, облыстық «Жігіттің сұлтаны»- бәсекесінің жүлдегері, және республикалық бәсекеге қатысушы. 1985 жылғы Москвада өткен дүниежүзілік студенттер мен жастардың фестиваліне қатысушы. Әуесқой суретші, ән айтып, өлең жазумен де айналысады. Қызы Инабат екеуі 2014 жылы Өскемен қаласында облыста тұңғыш рет өткізілген «Үміт» («Минута Славы») фестивалінің жүлдегері. Институтты аяқтаған соң, қоғамдық саяси өмірге белсене араласты. 1991 жылы Республикалық «Азат» азаматтық қозғалысына мүше бола отырып, осы қозғалыстың аудандық ұйымының төрағасы болды. Алматы қаласында өткен қозғалыстың І-Республикалық сьезінің делегаты. «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің мүшесі, партияның V, VI, VII сьездерінің делегаты. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш сайланған, аудандық маслихаттың депутаты болды, 1999 жылы екінші өткен сайлауда облыстық маслихаттың депутаттығына сайланды. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы» және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мемлекеттік медальдары мен бірнеше төсбелгілер мен мадақтаулардың иегері.Жанұясында бес баласы бар. Олардың үшеуі жоғары білімді, қызы Арайлым мектепті медальға тамамдады. Инабат Д. Серікбаев атындағы техникалық университетінің студенті, кенже ұлы Мұхаммед Абай атындағы орта мектебінің үздік оқушылары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері

    ДиректорАбаев Кайрат ЕрликовичШығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорыАшу