
Акшулаков Балгабек Сагынбаевич
Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" КММ директоры
Өмірбаян
Акшулаков Балгабек Сагынбаевич 1964 жылы 24 ақпанында Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 1988-1993 жж. Қарағанды педагогикалық институтын және 2001-2005 жж. ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітіргем. 1985-1986 «Кировская бірлестігі Қарағанды көмір» шахтасының кеншісі; 1986-1987 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде – өндірістік гимнастикадан нұсқаушысы; 1987-1990 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі – спорт кешенінің нұсқаушысы; 1990-1992 жылдары - Қарағанды облыстық ішкі істер органдарында қызмет атқардым; 1992-1993 жылдары «Маяк» ЖШС - қойма меңгерушісі; 1993-1994 жж. №15 кәсіптік лицей – «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәнінің оқытушысы; 1994-1996 жылдары «Победист» ЖШС - қойма меңгерушісі; 1996-2004 жж. Қарағанды облысы ІІБ ЖПҚ 1 отряды - өртке қарсы қызмет органдарында қызмет; 2004-2005 жж. Ұлттық спорт түрлері бойынша ОМБЖСМ - әдіскері; 2005 ж. ШҚО ДШж/еСБ – үйлестіру және лицензиялау бөлімінің бас маманы; 2007-2008 жж. үйлестіру және лицензиялау бөлімінің басшысы болып тағайындалды; 2008-2009 «Спорттағы дарынды балаларға арналған ШҚ облыстық мектеп-интернаты» - спорт әдіскері; 2009-2012 «Ұлан ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры қызметіне тағайындалды; 2012-2015 «Спорттағы дарынды балаларға арналған ШҚ облыстық мектеп-интернаты» - мектеп директоры; 2015 жыл «Су спорты бойынша ШҚО ОРМБЖСМ» - мектеп директоры; 2015-2017 жылдары - Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры; 2017 ж. «Өскемен қаласындағы КБЖСМ» директорының негізгі қызметі бойынша орынбасары; 2017-2019 жылдары – «Шығыс Қазақстан олимпиадалық резервті дайындау орталығы» – директордың қаржылық-ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары; 2019 - қазіргі уақытқа дейін ШҚО ДШж/еСБ «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КММ


