Абаев Кайрат Ерликович

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    Директор

    Абаев Кайрат Ерликович

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

    Өмірбаян

    Абаев Кайрат Ерликович 1973 жылы дүниеге келген. Туған жері: Ұлан ауданы, Никитинка ауылы. 2006 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, «педагог» біліктілігін алды. 2010 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, бакалавр академиялық дәрежесін алды. Еңбек жолын Никитинка сүт/кеңес шаруашылығында спорт бойынша нұсқаушы болып бастады, 2003 жылдан бастап 2016 жылға дейін ШҚОДШСБ «ШҚО жеке күрестен МБЖОРСМ» КММ директоры болды, 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін ШҚОДШСБ «ШКО спорттың ойын түрлері бойынша КМБЖОРСМ» КММ директоры болып қызмет атқарады. 2006 жылы ШҚО дене шынықтыру спорт басқармасы спорт мектептері арасында облыстың ең үздік директоры атанып, ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша екі рет облыс Әкімінің грамоталары табыс етілді. Абаев Кайрат Ерликович – қазіргі заманғы басшының барлық қасиеттеріне ие адам: бірбеткей, өзіне және басқаларына талап етуші, жақсы ұйымдастырушы. Ол қиындықтардан қорықпай, мектепті дамытудағы стратегиялық міндеттерді шебер жоспарлайды. Дене шынықтыру және спорт саласындағы бағдарламалық құжаттардың жұмысын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді тәсілтер мен оқыту әдістерін, үнемі жаңа технологияларды іздеу үшін, директор жаттықтырушылар құрамының жұмысын шеберлікпен ұйымдастырады және бағыттайды. Оның басшылығымен мектеп жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлауда көшбасшылық орынға шықты. Абаев Кайрат Ерликовичтің басшылығымен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеке күрестен МБЖОРСМ» КММ және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШКО спорттың ойын түрлері бойынша КМБЖОРСМ» КММ Әлем чемпионаттарының, Азия және Еуропа чемпионаттарының, Әлем кубоктарының және басқа да халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Абаев Кайрат Ерликовичтің басшылығымен Шығыс Қазақстан облысының аумағында түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық турнирлер мен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өткізіледі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері