Шакиртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы

    Ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы

    Шакиртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы
    Руководитель отдела

    Шакиртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы

    Ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Шакиртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы 1988 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылында дүниеге келген.

    Білімім жоғары.

    2012 ж. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Әскер қатарында болмаған.

    Еңбек жолын: 2012 жылы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас инспекторы болып бастаған.

    2013-2014 жылдары Шиелі ауданы, Бестам ауылдық округі әкімі аппаратының есепші-жетекші маманы;

    2014-2018 жылдары «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

    2018-2020 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің» бас инспекторы, баспасөз хатшысы;

    2020-2025 жылдары Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі;

    2025 жылдың 14 сәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейін «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің «Ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің» басшысы болып қызметін атқарып келеді.

    Отбасылы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері