Баймұратова Жібек Орынбайқызы

    Білім бөлімінің басшысы

    Баймұратова Жібек Орынбайқызы
    Руководитель отдела

    Баймұратова Жібек Орынбайқызы

    Білім бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Баймұратова Жібек Орынбайқызы 18 қаңтар 1971 жылы Шиелі ауданында туылған. 1988 жылы Октябрьдің ХІҮ жылдығы атындағы №45 мектепті Алтын медальмен бітіріп, Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы Педагогикалық Институттың қазақ филологиясы және тарих факультетіне оқуға түсті. 1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша Үздік бітірген.

    Еңбек жолын 1993 жылы Шиелі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскер болып бастап, 1999 жылы №46 А.С. Пушкин атындағы орта мектепте психолог, 2001 жылы қаңтар айынан бастап Шиелі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 2008-2012 жылдар аралығында №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының директоры, 2012 жылы №47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектептің директоры, 2013 – 2018 жылдар аралығында Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, 2018 - 2023 жылдар аралығында Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2023 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық білім бөлімі басшысыны қызметін атқарып келеді.

    Мемлекеттік награда:

    2017 жыл «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» медалі

    Алғыс хаттар:

    2008 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты

    2014 жыл. Қызылорда облысы Әкімінің Алғыс хаты

    2016 жылы Шиелі ауданы әкімінің Алғыс хаты

    Мерекелік медальдар:

    2013 жылы «Облыстық педагогикалық тәжірибе алаңының 10 жылдығы» мерекелік медалі

    2013 жылы Қорқыт Ата Университетінің мерекелік медалі

    2018 жылы Шиелі ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік медалі

    Төстік белгілер:

    2003 жылы «Қызылорда облысының педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыруда үздік ұйымдастырушы» белгісі

    2003 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім берудің озық жетекшісі» белгісі

    2005 жылы «Қызылорда облысы бойынша Алтын глобус иегері» белгісі

    2006 жылы «Қызылорда облысының білім беру ісінің Үздігі» белгісі

    2007 жылы «Халықаралық білім берудің үздік қызметкері» белгісі

    2010 жылы «Облыстық педагогикалық тәжірибе алаңының Үздігі» белгісі

    2011 жылы «Облыстық дәрежеде Үздік директор» белгісі

    2013 жылы «Облыстық дәрежеде Үздік директор» белгісі

    Құрмет Грамоталары:

    2009 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы

    2012 жылы ЮНЕСКО халықаралық білім беру ұйымының Құрмет Грамотасы

    2016 жыл Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

    2018 жылдың қорытындысымен «Үздік мемлекеттік қызметші - 2018» атанған.

    Отбасылы. Жолдасы екеуі 2 қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері