
Беркімбаев Нұржан Кенжебекұлы
Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Беркімбаев Нұржан Кенжебекұлы 1976 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған. Білімі жоғары. Мамандығы «Экономист», «Тасымалдауды ұйымдастыру инженері».
1994-1996 жылдары ҚР Қарулы Күштер қатарында борышын өтеген.
ҚР басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдырының ардагері.
Еңбек жолын 2000-2003 жылдары Қызылорда облыстық ШЖҚ «Жолаушы» КМК Шиелі аудандық еншілес мекемесінде диспетчер болып бастаған.
2003-2006 жылдары аудандық ШЖҚ «Шиелі-Жолаушы» КМК диспетчер болып қызмет атқарған.
2006-2007 жылдары «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ маманы, 2007-2008 жылдары жетекші маманы, 2008-2009 жылдары бас маманы, 2009-2010 жылдары сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдары «Шиелі ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.
2013-2016 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімі аппараты ММ ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2016 жылдан бастап осы кезеңге дейін «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы болып, осы уақытқа дейін жұмыс жасап келеді.
Отбасылы үйленген. 4 бала тәрбиелеп отыр.




